Дата: 26 июня, 2020 Раздел: Жаңалықтар Комментарий: 0

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын есептегенде
 теңгеден  теңгеден
D-O-4 108306 146177

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы, санаты  D-O-4, 1 бірлік,                  №05-05-1-2.

Функционалдық міндеттері: өзекті мәселелер туралы қоғамдық пікірді анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулерді, эксперттік бағалауды ұйымдастыру; сауалнамалар әзірлеу; сұхбат алушыларды іріктеу; жинақталған әлеуметтік ақпарттарды компьютерлік базаға енгізу; зерттеулер  нәтижесінің сызықтық есебін өңдеу; ақпараттық-талдамалық материалдар,  әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар әзірлеу; әлеуметтік топтардың әрекеттерін сараптамалық бағалауға және болжауға қатысу; талдауға қажетті статистикалық, әлеуметтік және ақпараттық мәліметтерді жинақтау, жүйелеу; есепке алуды ұйымдастыру;  аймақтағы тәуелсіз зерттеулер құрылымдардың қызметі туралы ақпараттық дерекқорды толықтыру; әлеуметтану салсындағы ақпараттық және талдамалық материалдарды жинақтау; әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру; Интернет-сайттардың контенттік толықтырылуы бойынша облыстағы мемлекеттік органдардың веб-сайттарына мониторинг жүргізу; басқарманыңстратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша есебін дайындауға қатысу; бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың мәжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе психология немесе журналистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мәдениеттану немесе тарих.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ішкі сауда және жергілікті қамтуды талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің 15.01.2021 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне) 1 бірлік,  D-О-4 санаты, №06-2.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін орындау.Инфляциялық үдерістерді тежеу және бағаны тұрақтандыру, сондай-ақ сауда саласын, соның ішінде электронды сауданы дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру. Сауда және тамақтандыру қызметінің жұмысын ұйымдастыру. Сауда саласындағы қолданыстағы заңнаманың облыс аумағында іске асырылуын, оның ішінде сауда орындары мен сауда базарларында белгіленген ережелер мен талаптардың сақталуына, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ету. Облыс аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты үйлестіру, сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету; сауда-саттық көрмелері мен жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысу. Жүктелген міндеттер мен функцияларды дер кезінде және сапалы орындау, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпарат жіберу. Ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарларын орындау. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу және келісу. Жүктелген функционалдық міндеттерге сәйкес жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы және құқық. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңын және осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының әкімшілік-қаржы және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы – заңгер, 1 бірлік,  D-О-4 санаты, №07-1.

Функционалдық міндеттері: басқарманың мүдделерін белгіленген тәртіппен сот органдарында, сондай-ақ мемлекеттік органның құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде басқа ұйымдарда білдіреді; талап арыздар мен басқа сот құжаттарын дайындайды; басқармада Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді; басқармамен әзірленетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, келісім-шарттардың, процессуалдық құжаттардың, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, соның ішінде басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген жағдайда келісу арқылы қатысады; басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді және оны іске асыруды қамтамасыз етеді. Басқарманың жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеуді, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және жүргізуді, сондай-ақ келісім-шарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Шарттық міндеттемелерді орындауға бақылау жасайды. Басқарманың құқықтық мәселелер бойынша қызметін қамтамасыз етеді. Басқарманың құқықтық актілеріне заңгерлік қорытынды береді.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — құқық саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Бизнестің жол қартасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

4. Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының есеп-қисап, шоғырландыру, құжат айналымы және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы D-О-4 санаты, №7-1, 1 бірлік  (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезінде 01.02.2022 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: барлық бастапқы және кассалық құжаттарды жасайды, мемориалдық ордерлерді құрады, оларды жинақтау және талдау бойынша есепке алу кітаптарына тіркейді, барлық айналым ведомостарын құрады. Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры бойынша барлық есептерді құрады. Дебиторлармен және кредиторлармен, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қорымен есептесу үшін барлық тапсырмаларды әзірлейді. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақшалай қаражаттар, есептерге белгіленген тәртіппен түгендеу жүргізеді. Қаржы басқармасын  қаржыландырудың жеке жоспарының орындалуы бойынша айналым ведомостарын құрады, негізгі құралдар мен материалдарды  есепке алу жумысын жүргізеді. Қазынашылық органында облыстық бюджеттен қаражат аударуға,   жиынтығын тіркейді және рәсімдейді; Қаржы басқармасының тауарлы-материалдық құндылықтарын, ақшалай қаражаттарын, есептерін түгендейді, түгендеу нәтижелерін рәсімдейді; Барлық бастапқы құжаттарды жасайды, №1,№2, ,№5, №8, №16 мемориалдық ордерлерін құрады,оларды жинақтау және талдау бойынша есепке алу  кітаптарына тіркейді. Ай сайын бухгалтерлік құжаттарды әзірлейді және тігіп қояды. Ай сайын Қазынашылық органы мен басқа да мемлекеттік мекемелердің мәліметтерін Қаржы басқармасының мәліметтерімен салыстырып тексереді; Бюджеттік мекемелерге, төменгі тұрған аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің кассалық және нақтылы шығыстарын бухгалтерлік есепке алуды жүргізу үшін нұсқауландырады және нақтылы көмек көрсетеді. Статистикалық есептер және салықтар, қоршаған орта бойынша декларация тапсыру. Қазынашылық – клиент және  1 С бағдарламаларымен жұмыс жүргізеді. Шарттар мен есептердің барлық түрлерінің уақтылы және дұрыс құрылуын қадағалайды. Қаржы басқармасының жеке қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша мерзімдік және жылдық есепті құрады. Қазынашылық органынан №4-20 нысаны бойынша мәлеметтерді алады. Қазынашылық-клиент бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Басқарма аппаратын жеке қаржыландыру жоспарының өзгеруі жөніндегі анықтамаларды әзірлейді. Компьютерде әрбір қызметкерге жеке зейнетақы эәне әлеуметтік жинақталуының есептерін жүргізеді. Барлық бастапқы құжаттарды жасайды, №6 мемориалдық ордерлерін құрады,оларды жинақтау және талдау бойынша есепке алу  кітаптарына тіркейді. Депозиттік шотының мемориалдық ордерін құрады және талдау бойынша есепке алу  кітаптарына тіркейді. Тоқсан сайын облыс бойынша мәліметтерді: «Жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінен алынған қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп» бағдарламалық  өнімінде жиынтықтайды. Жаңа бағдарламалық өнімдерді қабылдап, қызметкерлерді оқытады, төменгі тұрған қаржы органдарына бағдарламаны орнатып, іске қосуға нақтылы көмек көрсетеді;Мекемелердің қаржыландырылуының және кассалық шығыстарының талдамалы есепке алынуының шоттары бойынша бухгалтерлік мемориалдық ордерді өңдеуді құрады. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мақсатымен компьютерде нысандарын жасайды. Бюджеттің орындалуы бойынша мерзімдік (айлық және тоқсандық) және жылдық есептің жиынтығын құрады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларына сәйкес өзіндік –облыстық бюджеттің орындалу кірістерін есепке алу бойынша барлық бастапқы құжаттарды жасайды, бухгалтерлік  мемориалдық ордерді өңдеуді құрады. Кіріс кітабына жазады. Қаржы басқармасының есепке алу мәліметтерімен салыстырып тексереді. Жергілікті бюджетті жүргізеді және бас кітапшаға енгізеді. 2-18, 5-15, 5-20, 5-34 бойынша жұмыс жүргізеді. Ай сайын бухгалтерлік құжаттарды әзірлейді және тігіп қояды; Бөлімнің іс жүргізуін ҚР Заңдарына, Ісжүргізу нұсқауына сәйкес жүргізеді. Бөлімнің бақылауындағы құжаттардың орындалуына жауапкершілік көтереді. Бөлімнің қатынасхаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне жауапкершілік көтереді. Бөлімдегі қызметтік іс-атауларының жүргізілуіне жауапкершілік көтереді. Басқа да міндеттерді және бөлім бастығының тапсырмасын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі —  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

5. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық талдау жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанша 01.08.2021 ж. дейін) санаты  D-О-4, 1 бірлік, № 038-3-1.

Функционалдық міндеттері: облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына талдаулар жүргізу; жастар арасындағы қоғамдық-саяси жағдайға талдаулар жүргізу; облыс жастары ахуалының тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық ақпараттар базасын қалыптастыру; басқарма басшысы қатысатын жиналыстардың ақпаратын әзірлеу; басқарма басшысының БАҚ-пен кездесуін, сұқбаттарын, брифингтерін ұйымдастыру; басқарманың ресми сайтына салынатын ақпараттарды әзірлеу, сараптау, ақпараттарды жаңарту, мониторинг жасау; басқарманың әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізу; өтетін іс-шаралардың баспасөз парағын әзірлеу; басқарманың медиа-жоспарын әзірлеу; облыстық және жергілікті БАҚ-қа шыққан мақалалардың дайджесін жасау; жергілікті жерлерде жастар саясатына қатысты өткізілген іс-шаралардың ақпаратын жинақтау; Қазақстан жастары Ұлттық баяндамасына ақпарат дайындау; республикалық, облыстық, жергілікті БАҚ-пен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу; жоғарғы тұрған органдарға басқарма тарапынан берілетін ақпараттық есептерді тапсыру; орындауына түскен хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; басқарма басшысының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқық (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 

6. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, санаты  D-O-4, 1 бірлік,  № 05-2.

Функционалдық міндеттері: бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстарды атқару. Басқарманың ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Басқарманың ресми интернет-ресурсының уақытылы және сапалы толықтырылуына және жаңартылуын қамтамасыз ету. Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпараттар құралдарымен жұмыс жасайды, Бұқаралық ақпараттар құралдарымен беттерінде құрылыс  саласы бойынша жарияланған мақалаларға мониторинг жасау. Қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Басқарма қызметiнiң құқықтық және қаржылық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн білдіреді. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Басқармада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторингті тұрақты негізде жүргiзеді. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Басқарманың басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды. Басқармаға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген  есебiн және олардың сақталуын жүргізеді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы бойынша экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын жүзеге асырады.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі —  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары  немесе  құқық саласындағы. Мамандығы:қоғамдық байланыс немесе мемлекеттік және жергілікті басқарунемесе журналистика немесе автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе информатика немесе құқық (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,   Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

7. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер шыққанға дейін 26.06.2022 ж.),  санаты D-O-4, 1 бірлік,  № 05-04.

Функционалдық міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асыру. Басқармада  Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асыру. Басқарманың іс-номенклатурасын және құжатайналымын ұйымдастыру. Басқармада, оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес біртұтас тәртіппен жүргізілуі аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіру. Басқармаға келіп түскен құжаттарды уақытылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылауда ұстау, жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің және хаттардың уақытылы орындалуын қадағалау. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін және 1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізу. Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру. Басқармада мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша уәкілетті органдарға уақытылы  есеп беру. Мұрағат жұмыстарын жүргізу.  Құқықтық жалпы оқу бойынша Әділет департаментіне ай сайын есеп беру, осы жұмыс бойынша жинақтау жұмысын атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы:әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,   Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

8. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4,  1 бірлік,  № 03-04.

Функционалдық міндеттері: бөлімде өзіне жүктелген міндеттер бойынша  жұмыс атқарады, бөлім құзырындағы  мәселелердің шешілуіне және басшылардың  тапсырмаларын орындауға жеке дара жауап береді. Бөлім жұмысының тиімділігін арттыруға ұсыныстар енгізеді.  Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді.   Жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуіне мониторинг жүргізу. Нормативті — әдістемелік базаларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.   «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалымен жұмыс жүргізу. Бөлімнің  есептерін әзірлеу және ұсыну. Құрылыс саласына инвестиция тарту бойынша ұсынысты зерттеу, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының жоспарына сәйкес объектілердің құрылыс және жобалау мәселелері бойынша салааралық  басқармалармен жұмыс жүргізу. Нормативтерге сәйкес құрылыс жобаларына қажетті бастапқы деректерді жинақтау және инженерлік іздестіруді жүргізудегі техникалық тапсырманың толықтығы мен  дұрыстығына қадағалау  жүргізу. Құрылысы жоспарланатын нысандардың жобалау-сметалық құжаттамаларын, оның ішінде сметалық  бөлімдерінің оңтайлылығына талдау  жасап, тиісті ұсыныстар енгізу. Республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын құрылыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларының архитектуралық, көлемдік-жоспарлық шешімдері мен конструкциялық шешімдеріне талдау жасап, мәлімет әзірлеу.  Басшы қол қойғанға дейін орындалған жұмыс көлемінің дұрыстығы, бағалардың негізділігі, сондай-ақ жеткізушілер мен мердігерлер ұйымы құжаттарындағы  мәліметтеріне сәйкес атқарылған жұмыстар мен қызметтерге, жеткізілген тауар мен өндірістік шығындарға ақы төлеу нысандарының дұрыстығын растап тексеру, атқарылған жұмыстардың дұрыстығын және жеткізілген тауар мен өндірістік шығындарды растап, визасын қою. Жобалау-сметалық құжаттамалар мұрағатына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы:құрылыс  немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  401, 402 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

  «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
  Нысан
   __________________________
  (мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: __________________________________________________________

      e-maіl: ______________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________________

      _________ ___________________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      «____»_______________ 20__  ж.

  «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
  Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)  

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /
Дата и место рождения


2. Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)


3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей


4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения


5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)


6. Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками


7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)


8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)


9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)


10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации


қабылданған /
приема
босатылған /
увольнения










           
         
           
           


_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата
_______________
күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Ссылка на материал: http://uprstroizhambyl.kz/2020/06/26/%d0%b1%d0%be%d1%81-%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%88%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%bb%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *